Діндарлық диалог істері бойынша Папалық Кеңес төрағасы Кардинал Жан-Луи Торан арнайы «Иманғали» орталық мешітіне атбасын тіреп, өкіл имаммен кездесті.
Төраға Папа Франциск атынан ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлына арнайы күллі мұсылман халқына, қасиетті Рамазан айы аяқталуына байланысты жолдауын табыстады.
Сондай-ақ, Жан-Луи Торан өз сөзінде: «Былтыр, өз қызметінің алғашқы жылында, Папа Франциск «Ид аль-Фитраға» байланысты сізге бағытталған жолдауда арнайы өзі қол қойған болатын. Бұған дейін де ол сіздерді «біздің бауырларымыз» деп қолдады. Біз бұл сөздердің мәнін құптаймыз. Шынымен де, христиандар мен мұсылмандар, Бір Құдай жаратқан бірыңғай адамзат отбасында бауырластар болып табылады» - деп, Ораза Айт мерекесімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.
Өкіл имам өз кезегінде айтулы Ораза Айт мейрамында мешітке аяқ басқан қонақтарға алғысын айтып, өз ризашылығын білдірді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.07.2014
3485
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру