Шілденің 31-ші жұлдызында «Иманғали» мешітінде Атырау жұртшылығы Мысырдан арнайы келген шейх Мұхаммед Жамалуддин Хашимді еліне шығарып салды.
Ұстаз Жамалуддин Хашим Мысыр елінің әл-Азһар университетінен арнайы шақыртумен Атырау қаласына келіп, «Иманғали» орталық мешіті жанында осы күнге дейін ұстаздық қызмет атқарған болатын.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы өз сөзінде жамағат атынан ұстаздың қызметіне алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, қазақи дәстүр бойынша құтты қонағымыздың иығына шапан жапты.
Атыраулық жамағат 8 ай бойы имандылықпен сусындатып келген ұстазға алғыстарын жеткізіп, қонағымызды ерекше қимастықпен шығарып салды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.07.2014
3328
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру