ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султановтың бастамасымен ораза айтына байланысты «Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкелердің қолдауымен балаларға сыйлық ретінде су қайығы, құтқарғыш жейделер, балық аулайтын құралдар, қармақтар берілді.
Арнайы шараға Орал қалалық мешітінің наиб имамы Б.Дүйсенәлі қатысып, ораза айтымен құттықтап, Құран оқып, балаларға бата берді. Мекеме директоры Қ.Ж.Жұмағазиев келген қонақтарға ғимараттың әрбір бөлмесін көрсетіп, балалар өмірі тыныс-тіршілігін таныстырды.
Берілген мәліметтерге қарасақ, аталмыш мекеме 1949 жылы ашылып, 1984 жылы жаңа ғимааратқа көшірілген. Бүгінде 2 – 18 жас аралығында 100 балаға 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта да жеке кәсіпкер А.Бисенов жолдастарымен осы мекемеге көмек қолын созуға әзір екендігін жеткізді.
БҚО бойынша өкілінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.07.2014
3430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру