ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қасиетті Рамазан айының сыйлығы берілер Айт намазы оқылып, мешітке келген жұртшылықпен ерекше аталып өтті.
Биыл намаз сағ.: 08:00 де Айт намазы оқылды. 20 минут қалғанда облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы мешітімізге арнайы келіп мұсылман халқын қуанышқа бөлер Айт мерекесімен құттықтады.
Мешітке жиналған жамағаттың сандарында шек болмады. Намазға үлгере қалмай қалғанның өзінде мешітке ағылған халық саны арта түсті. Намаздан шыққан жұртшылыққа мешіт алдынан мерекелік дәм ауыз тиер дастархандар жайылды.
Арнайы халал ас сататын орталықтардан мерекелік дәмді тағамдар жасалынып, мешіт алаңында 50-пайыз жеңілдікпен түрлі тағамдар халыққа ыңғайлы бағада саудаға түсті.
Мешіт ауласына үлкен күрес кілемшесі төселіп сүннет амалына жататын, дәстүріміз бен спортты нышандайтын Қазақша күрес, қол күрес, арқан күрес сияқты тамашалаған халыққа ерекше күлкі мен қуаныш сыйлаған ойындар өтті. Ең қызықтысы ақ шапанымен орталық мешітіміздің Бас имамы ортаға шығып қол күрестіргені жиылған жұрттың «Аллаһу акбар» деп ұрандап, қол шапалақтауына ұласып, жиналып тұрғандардың күреске атсалысуына ерекше серпін берді. Аранайы сыйлықтар дайындалып, жеңгендерге жүлделер табысталып, бата беріліп халық бұл төл мерекелеріміздің бірін ерекше мереке ретінде сезіне білді.
Халықтың қуанышына айналған бұл Айт мерекеміз баршаңызға мүбарәк болсын!
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.07.2014
3407
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру