ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Мәншүк Мәметова атындағы алаңда «Ораза айт» мейрамына арналған 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында арқан арқан тарту, асық ату, тоғызқұламақ және қазақ күресінен жарыс болып өтті.
Оған облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов, Орал қалалық әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев, қала қонақтары, облыс, қала имамдары, ата-әжелер мен иманды жастары, балалардың жазғы демалысы кезінде аула клубтарының мүшелері қатысты.
Ораза айт мерекесінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы: Исі мұсылман жамағатын айтулы мерекемен құттықтап, Елбасы мен Дінбасымыздың қолдауының арқасында Ораза айт мейрамын ұлттық нақышпен өткізіп, болашақ жас ұрпақтың бойына имандылықты айтсақ, жақсылық істерімізді үйретсек, үлкен өмірге салиқалы істерді жасайтыны сөзсіз. Имандылық тәрбиесін алған ұрпақтарымыздан зор үміт күтуге болады,- деп жүрек жарды тілегін айтса, Орал қалалық әкімінің орынбасары Марс Қадырғалиұлы: Барша жамағатты Ораза айтымен құттықтап, әр адамның жасаған жақсылықтары, құлшылықтары сауаптан жазып, екі дүниенің бақытына бөленсін, деп ақ тілегін білдірді.
Айтулы мерекеде күмбірлеген күйлер орындалып, әсем әндерден шашу шашып келген қонақтарды әсерлі көңіл-күйге бөлеп, өнер жұлдыздары да ұлық мерекеде тамаша әсер қалдырды.
Алаңда ұлттық нақышпен қазақтың киіз тігіліп, дастархан жайылып, келген жамағаттар жайылған дәмдерден алып, облыстық орталық мешітінің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев «Ораза айт» турасында уағыз айтып, баршаға тартымды етіп жеткізді. Ақдастархан басында ақсақалды аталар, ақжаулық әжелер, елімізге танымал адамдар, мемлекеттік қызметкерлер, қала қонақтары, жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері бірге отырып, әңгіме дүкен құрып, ақ тілектерін білдірді.
Спорттық шарада қазақтың «Асық ату » ойынында:
Ұлдар арасында:
1-орын Мажаев Даниял (Арай аула клубының мүшесі)
2-орын Макаров Нұралы (Гүлдәурен аула клубының мүшесі)
3-орын Сағынбаев Бақытжан (№1 мектеп оқушысы)
Қыздар арасында:
1-орын Жанбатырова Айдана (Балауса аула клубының мүшесі)
2-орын Айболатова Диана (Арай аула клубының мүшесі)
3-орын Сарбаев айша (Әйгерім аула клубының мүшесі)
Тоғызқұмалақ ойыннан:
Ұлдар арасында:
1-орын Ахметқалиев Бауыржан (Өркен аула клубының мүшесі)
2-орын Суешов Жандос (Жас шебер аула клубының мүшесі)
3-орын Мұқанов Азамат (Жас қыран аула клубының мүшесі)
Қыздар арасында:
1-орын - Айболатова Диана (Арай аула клубының мүшесі)
2-орын - Исмағұл Ақмарал (Арман аула клубының мүшесі)
3-орын - Мәжиев Гүлназым (Жасшебер аула клубының мүшесі)
Қазақша күрестен:
1-орын - Нұрлан Райымбек (Балауса аула клубының мүшесі)
2-орын - Янбулатов Дима (Жас қыран аула клубының мүшесі)
3-орын - Исатаев Құрманғазы (Балауса аула клубының мүшесі)
Арқан тарту:
1-орын - Өркен аула клубы
2-орын - Жұлдыз аула клубы
3-орын - Ақжелен аула клубы
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Тыныштықұлы жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.07.2014
3855
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру