Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Берген жомарт емес, алған жомарт!» акциясы

30.07.2014 4067 0 пікір

Бүгінде мешітке келіп, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек жандарға көмектесеміз деушілер қатары Аллаға шүкір көбейіп келеді. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ұйытқы болуымен Рамазан айында қаламыздағы отбасылық жағдайы төмен отбасыларды аралап қайырымылық іс-шаралары жасалды.

Міне, бүгін айт мерекесінің екінші күнінде мешіт ұжымы «Берген жомарт емес, алған жомарт! Айттық бізден», – деген, тақырыпта қайырымдылық акциясын өткізіп қайтты. Жақында «АШК» ЖШС-нің директоры Есімхан Жаңабаев, Есеновтер отбасы және басқада азаматтар мешітімізге келіп көп балалы және отбасылық жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсеткісі келетінін жеткізген еді. Мешітіміздің ұжымы жоғарыда аты аталған демеушілердің алып келген азық-түліктерін отбасылық жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға үлестіру үшін әр бір шаңыраққа кіріп шықты. Арнайы тізіммен шыққан акцияға қатысушылар Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысына қарасты Пришахтинск қаласы және «Узинка» елді-мекенінде тұратын отбасыларды аралады. Әр бір отбасы мешітімізден барған ұжымды жылы жүзбен қарсы алып, берілген сыйлықтарға ризалықтарын білдірді.

Сәһл ибн Сағдадтен (р.а) жеткен хадисте:«Алла елшісі (с.ғ.с): «Жұмақта жетімге қамқоршы болған адамға осыншама жақын боламын»,- деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын ашып көрсетті» — делінген. Риуаятта айтылған сөзге дәлел Ирина есімді әйелдің шаңырағында өзінің 3 баласынан өзге 15 баланы асырап алғаны. Көп баланың анасы Ирина: «Балаларды асырап, өсіріп-өндіру оңайға түспеді. Бірақ, әр баланың өз несібесі бар. Әрбірінің көзіндегі қуанышты көріп, барлық ауыртпашылықты ұмыттырады», – деп, өз қуанышымен бөлісті. Сонымен қатар, Ибрагимова Әсияның шаңырағында да 5 баланы асырап жатқанын көріп қайттық. Барлық отбасыға Алла сабыр, күш-қуат берсін! – деп, қоштастық.

Қарағанды өңірі бойынша
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру