Алматы облысының орталығы, Талдықорған қаласында, «Зайырлы мемілекеттегі діннің рөлі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл жиынның басты мақсаты, елімізге шеттен келген келімсектер мен жат пиғылды ағымдардың алдын алу болды. Аталмыш конференцияны облыс әкімінің орынбасары Серік Мейірханұлы өзі жүргізді. Алматы облысының діни ахуалы туралы сөз, облыстық дін істер басқармасының басшысы, Тәңірберген Қасымберкебаевқа тиесілі болды. Жеті баяндамашы негізгі тақырыпты жан-жақты ашып, дүйім жұрттың санасына салихалы ой салды. Дін істер агенттігінен Иманбаев, ҚМДБ насихат тобынан Сыздықов, Нұр – Мубәрәк университетінен Әкімбеков, ҚазҰУ-нен Затов, сонымен қатар екі өңірдің өкіл имамдары Ахмадиев Серікхан мен Аташев Әсет өз кезегінде мәнді де мағыналы сөздерін өрбітті.
Өңірдің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы сөз соңында келген қонақтар мен конференцияға қатысушыларды, ұлық мерекемен құттықтай келе өз алғысын білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары, осындай конференциялардың алдағы уақытта облысымыздың әр ауданында өтуіне тапсырма берді.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.07.2014
3065
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру