Әз, Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеті бойынша дәмді сәресін ішіп, пітір садақасын шығарып, айт намазына бару, бір сөзбен айтқанда пітір садақаны айт мерекесіне жақын уақыттарда беру сүннет боып табылады. Бұл ғибраттарға толы сүннеттен алатын бір ғибратымыз, ол жағдайы төмен, мұқтаж жандар қуанышты айт мерекесіне дастархандарына қояр таппай қалмау үшін, айтқа жақын уақыттарда пітірдің берілгені.
Осындай ғибратты үміт етіп, мешітімізде қайырымдылық науқанын айтқа қарсы өткіздік. Тілге тиек етіп кетер болсақ, жыл басынан бері қаржылай 30 жанға, Қартта үйі, Жастар үйі мен мүгедектер қоғмы және Зағип жандарды қосқанда оннан аса қайырымдылық жасалды. Аудан-қала бойынша 870 тен аса отбасыға қайырымдылық жасалды.
Айт мерекесі қарсаңында азық-түліктер алынып жағдайы төмен 200-ге тарта отбасыға көмек көрсетілді.
Алла Тағала халқымыздың жағдайларын жақсартып, береке беріп, Өзінің мейірімімен рызығын төгіп бергей! Барша жандарды қуаныштан айырмасын! Әмин.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.07.2014
3140
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру