Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Музаммил" мешітіндегі мерекелік іс шара (фото)

30.07.2014 3259 0 пікір

          Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының Ораза айт мерекесін тойлау жоспарына сәйкес  шілденің 29 жұлдызында Алматы қалалық «Музаммил» мешітінде көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлайтын дәрежеде Ораза айт мерекесі тойланды. Айт мерекесіне арнайы дастарқан жайылып, балаларға кәуап, палау,  жеміс-жидек,  әр-түрлі сұсындар, балмұздақтар берілді. Балалардың мерекесін көркейту үшін  батут орналастырылды.

          Жас өспірімдер арасында үш түрлі салмақтан 32кг – 38кг, 38кг – 45кг, 45кг – 55кг арасында  қазақша күрес, «Сауат ашу курсы»нда оқып жатқан қыздар арасында скакалка секіруден және жалпы жамағат арасында зіл тас (гір тас) көтеруден жарыстар өткізілді. Жеңімпаздарға 1,2,3 орын жүлдегерлеріне сыйлықтар берілді.

          Бұл мейрамға «Перзент» балалар үйі арнайы шақырылып, мереке соңында оларға арнайы сыйлықтар тарқатылды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру