Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алғабас мешіті Ораза айт мерекесін тойлауда

30.07.2014 3265 0 пікір

Алатау ауданына қарасты "Алғабас" мешіті Ораза айт мерекесін ерекше атап өтті. Бас имам С.А.Давмушаров ұйытқы болуымен дін мен дәстүр жылына орай мектеп оқушыларына және жетім балаларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 

Мешіт ауласында жасбүлдіршіндерге арналған спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. "Алғабас" мешітінің бас имамы С.А.Давмушаров жарысты тамашалауға келген халықты Ораза айт мерекесімен құттықтап, Ораза айы және асыл дініміздің құндылықтары жайлы уағыз айтты.

Отыз күн бойы оразаларын ұстап, қасиетті айды құлшылықпен өткізген мұсылман адамға сансыз сауаптар жазылады. Осы қасиетті айдан кейінгі Ораза айт мерекесі барша мұсылман қауымының арасында бауырмашылдықты, бірлікті арттырып, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, жағдайы нашар отбасыларға қол ұшын созып, көмек көрсетуге тағы бір мүмкіндік тудыратын мереке. Осы орайда, айт мерекесімен құттықтау үшін "Алғабас" мешітінің ұжымы ауданымызға қарасты мектеп жасындағы балаларға және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар үйінде болып, қайырымдылық көрсетті. Игі іс-шара аясында балаларға арнайы дайындалған дастарханнан дәм татты. Балалар дән риза болып, мешіт ұжымына аслғыстарын білдірді. 

Алатау ауданы "Бекет-ата" мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру