Ораза Айт мерекесінің 2-ші күні «Иманғали» орталық мешіті жанынан кезекті қайырымдылық іс-шаралар атқарылды.
Шілденің 29-шы жұлдызында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қабылдап, кезекті қайырымдылық шарасын жүзеге асырды. Кездесуде аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты, көп балалы аналардың алдын-ала тапсырған өтініштері бойынша 30 адамға қаржылай көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, осы күні тағдырдың тәлкегінен жергілікті абақтыда күн кешіп отырған қандас бауырларымызбен өкіл имам арнайы кездесуге рұқсат алып, оларға уағыз жүргізіп, имандылықпен сусындатты. Сондай-ақ, айтулы мерекеде ыстық бауырсақ, ағарған шұбат, конфет, тәтті тіске басарлар және т.б. сый-сияпат жасалып, дастархан жайылды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.07.2014
3040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру