Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығармашылық бәйгенің жеңімпаздары анықталды

30.07.2014 3250 0 пікір

Рамазан айында жарияланған «Берекетке толы Рамазан айы» атты шығармашылық бәйге мәресіне жетті. Айт мерекесінің бірінші күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде бәйге жеңімпаздары жарияланып, сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтқанда:

-  ІІІ орын - Петропавл қаласының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Ескендір Нұрымовтың шығармасы иеленді. 15 000 теңге;

-  ІІ орын - Облысымызға қарасты Аққайың ауданының тұрғыны, аудандық газеттің тілшісі Әйгерім Қазиева ие болды. 25 000 теңге;

-  І орын - Тайынша қаласы, тілші қызметін атқарған, бүгінде зейнеткер Сәлік Жұматтегі атанды. 50 000 теңге.

Жеңімпаздар ақшалай және алғыс хатпен марапатталды.

Бәйгеге жалпы 31 шығарма түсіп үлгерді, солардың ішінен әділ қазылардың шешімімен екі үміткер ынталандыру сыйлыққа ие болды. Олар – Тайынша ауданының бас имамы Қайыргелді Руслан және Петропавл қаласының тұрғыны, зейнеткер Күлжамал апа.

«Қызылжар» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру