Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жайық жұрты қасиетті Ораза айт мейрамын тойлауда

29.07.2014 3204 0 пікір

Діни мерекенің алғашқы күні облыстық орталық мешітте айт намазы оқылды. Бұл шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, барша жамағатты айтулы мерекемен құттықтады.

– Бүгінгі Ораза айт мейрамы құтты болсын! Еліміз егемендік алғалы рухани, мәдени салада да көптеген жетістіктеріміз бар. ҚМДБ-ға қарасты мешіттер жанындағы медреседен тәлім-тәрбие алған түлектеріміз дәстүрлі дініміздің, нығаюуына ықпал етіп, адамзаттың құндылығын насихаттайтын ислам діні елімізде кең қанат жайып келеді. Қазақ еліндегі ұлтаралық, дінаралық келісімді берік ұстанған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі. Баршамыздың қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтай отырып, дендеріңізге сулық, ашық аспан, жүректеріңізге иман тілеймін. Ораза айттан айтқа аман –есен жетіп, отбасыларыңыз аман, бауырымыз бүтін боп, бүгінгі жеткен жетістігіміз әрі қарай жалғасын таба берсін! – деді Нұрлан Асқарұлы.

Одан кейін облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов барша жамағатты ұлық мерекемен құттықтады. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін айтып, облыс көлемінде  атқарылған діни шараларға тоқталды.

Ұлық мерекеде облыстық орталық мешітінің найб имамы Мұратбек Мұхтарханұлы  «Туған туысқандармен қарым-қатынасты жақсарту» жайында уағыз айтып,  көпшілікті өзіңе баурап алды.

Айт намазына облысымызға танымал азаматтар мен иманды жастар қатысты.

Ақсақалдар алқасының мүшесі, Амангелді Абдрахманов ақ тілегін айтын, дұға жасады.

Айтулы мерекеде «Намаз оқып үйренейік», «Садақа және Зекет» «Күнделікті Діни сауалдарға жауаптар»,  «Пост в исламе», «Уважение к родителям», «Ислам экстреимзм мен лаңкестікке қарсы» т.б. 8000 астам кітаптарды  жамағаттарға тегін  таратты.

Баршамыздың ұстаған оразаларымызды, құлшылық намаздарымызды, -дұға-тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөленіп, Рамазаннан  рамазанға аман-есен жетейік, барша  жамағат!

Нұрлан САМАТҰЛЫ, 
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру