Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраулықтар Ораза Айт мейрамын қарсы алды (ФОТО)

29.07.2014 3396 0 пікір

Мұсылман қауымы үшін ерекше қастер тұтып, сағына күткен айтулы мейрамның бірі – Ораза Айт. Міне, Рамазан айы да аяқталып, 28-ші шілде күні Атырау уақытымен таңғы сағат 7.00-де жергілікті барша мұсылман қауым иық тіресіп, Ораза Айт намазын оқыды.

Мерекелік намаздан бұрын Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы облыс әкімі атынан атыраулықтарды Ораза Айт мейрамымен құттықтады. Сондай-ақ, әдеттегідей ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы мешітке жиналған халықты айтулы мейрамда жүрек жарды тілегін жеткізіп, жамағатты ауыз-бірлікке шақыра отырып, уағыз айтты.

Облыстық «Иманғали» орталық мешіті айтулы мерекеге орай мешіт ауласына арнайы екі киіз үй тігіп, Ораза Айт құрметіне дастархан жайылды. Ақсақалдар мен ақжаулықты аналар, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері бас қосты.

Мерекелік шаралар жалғасы мешіт ауласында орын алды. Мешіт ауласына бүлдіршіндерге арналып ойын-сауық батуттары орнатылып, ойыншықтар таратылды. Сондай-ақ, мешіттің келесі бұрышында қазақша күрес, кір тасын көтеру және білек сынасу секілді спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру