Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аягөздегі айт намазы

29.07.2014 3801 0 пікір

Айт күні таң сәріден Аягөз қалалық мешітіне жиналған жамағатта шек болмады. Намаз басталамас бұрын Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Думан Нәдірұлы айт күнінің артықшылығы жайында уағыз айтып болғаннан кейін, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Сеиілбек Абирұлы жиналған көпшілікті айт мерекесімен құттықтады.

Намаз аяқталысымен айт құрметіне мешіт ауласында арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрестіру, желке тартыс сыңды спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, жүлделі орындарға ие болғандар үшін аудан имамы Маратхан қажы Мұхтарханұлы бағалы силықтар мен мақтау қағаздарын табыс етті. Мешіт ауласына мерекелік дастархан жайылып, көпшілік айт күніне арналған әр түрлі дәмдерден ауыз тиіп жатты. Жас балаларға айттық сый ретінде мешіт ауласына алтыбақан орнатылды. Биылғы айт құрметіне ұйымдастырылған осынау мерекелік іс шараға көпшілік алғыстарын айтып, мешіт ұжымына ризалықтарын танытып, келесі айт мерекелерінде де осындай мерекелік іс шаралар жалғасын тапса деген ізгі ниетттерін білдірді. 

Аягөз қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру