Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ораза айттағы балаларға базарлық

29.07.2014 3495 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Орал қаласындағы жетім балалар үйіне арнайы ат басын бұрып,  «Ораза айт» мерекесімен құттықтады.

Бұл шараға облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков,   Мұхаммед-Гариф Түлбаев атындағы қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилманов қатысты.

Айт мерекесінде облыс имамы Руслан Тыныштықұлы: Ораза айт мерекесімен құттықтап, жетім балалар үйінде  тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге «Достық, татулық, мейірім» жайында уағыз айтып, көпшілікке кеңінен түсіндірді. Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы әр сөзінде жетім балаларға көмек беру баршамыздың міндеті. Осыған орай айт мерекесінде барша сәбиді қуанту мақсатында, балаларға тәттілер  таратылды.

Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков қасиетті құран-кәрімді оқып,  облыс имамы Руслан Тыныштықұлы дұға жасады.

Барша сәбидің қуаныштары қойнына саймай, ақ тілектерін  арнап,  облыстық жетім балалар үйінің басшысы  Райса Исламғалиқызы өз ризашылығын білдірді.

Облыстық «ТДК-42» телеарнасына «Ораза айт» жайында сұхбат берді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша

баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру