Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық акциясы өтті

29.07.2014 3736 0 пікір

Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлының ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық акциясы  өтті. Демеушілердің ұйытқы болуымен мүгедек, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты қарттар және зейнеткерлерге, 1, 2, 3 топ мүгедектері, мүгедек жетім балаларға, аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларына арналған қайырымдылық шарасы өткізілді. Қасиетті Рамазан айының құрметіне 200 (екі жүз) отбасына ұн, күріш, макарондар, ас майы, сүт, шай, қант пен қоса тәттілер тағы да басқа азық – түліктер берілді. Өкіл имам Серікхан Рымханұлы Рамазан айы мерекесімен құттықтап, бұл шара тек қана ізгіліктің бастамасы екенін жеткізді. Алдағы уақытта бұндай қайырымдылық шараларын шама жеткенінше жиі өткізіп тұру жоспарланып отырғандығын жеткізді.       

Алла Тағала қасиетті Рамазан айында тұтқан оразамызды, жасаған құлшылығымызды оқыған намаздарымыз бен тілеген дұғаларымызды қабыл етсін. Әмин.

 

ҚМДБ Талдықорған
өңірі 
бойынша
баспасөз қызыметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру