Қасиетті Рамазан айында жасалынған қайырымдылықтың сауабы мол екені мәлім. Сол себепті әр мұсылман осы айдың санаулы күндері қалғанда сауапты істер жасауға асық. Осыны басшылыққа алған «Иманғали» орталық мешіті ұжымы 350 адамды қамтитын кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы орын алды.
Қайырымдылықта аз қамтылған отбасыларға, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға, зағип, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты, көп балалы аналарды қамтитын жаны жабырқаған жандарға азық-түлік және қаржылай түрде көмек көрсетілді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.07.2014
2832
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру