Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Райымбек батыр» мешітіндегі шаралар

29.07.2014 4441 0 пікір

Сұлу Алматының Алатау боктерінде орналасқан «Думан» ықшам ауданы тұрғындарының ауызбірлігі-ынтымағы өзіне жарасқан.

Әсіресе қасиетті «Рамазан» айында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Хазреттің «РАМАЗАН ҮНДЕУІ» мен «құттықтауы»на сай, «Думан» ақсақалдары мен жастарының басын қосқан «Райымбек батыр» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәліұлы, демеушілердің көмегінде 30 күн бойы тынбай қайрымдылық және уағыз-насихат  жұмыстарын ұйымдастырды.

Жылдағы дәстүрге айналған 30 күн оразада, мешіттің өзінде күнделікті 150-170 адамға ауызашар берілді.

22-шілде күні тарауих намазында хатым құран дұғасы жасалды. Хатым дұғасын жасау үшін ҚМДБ-дан арнайы қонақтар шақырылды. Атап айтқанда, ҚМДБ «Шарығат және фәтуә бөлімі» меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, «Уағыз-насыхат және ғаламтормен жұмыс жасау бөлімі»нің меңгерушісі Ершат Оңғаров, «Иман» журналының бас редакторы Оңғар қажы Өмірбек,  «Иман» журналының жауапты хатшысы Кеулімжай Құтты және Алматы қаласы «Медеу» ауданық «Аманқұл ата» мешітінің бас имаы Жакиев Тілепберген мырзалар қатысты. Тарауих намазынан алдын  Сансызбай қажы  Құрбанұлы, намаз соңында Оңғаров Ершат Ағыбайұлы уағыз айтты. Соңында Оңғар қажы жамағатқа бата жасап ел тыныштығын тіледі. Хатымнан соң, мешіт ауласында бой көтерген қазақ үй (киіз үй)де дастарқан үстінде уағыз-насихат жалғасты. Жиналған жамағаттың көптеген сұрақтарына Сансызбай қажы жауап беріп, уағыз-насыхат айтты.

Жалпы бір айдың ішінде демеуші-меценанттардың көмегінде  «Райымбек батыр» мешіті тарапынан  5 600 (бес мың алтыжүз) адамға ауызашар жасалды.

Соның ішінде Алматы облысында орналасқан 3 түрмеде «Райымбек батыр» мешіті бас имам Керімбеков Нұржан Пірәліұлы тарапынан уағыз-насихат айтылып, бас бостандығынан айрылған 450 мұсылман ағайынға ауызашар берілді және сыйлықтар таратылды:

23-шілде күні Бас имам Нұржан Керімбековтың ұйымдастыруымен демеушілердің көмегі арқылы Іле ауданы «Заречная» елді мекенінде орналасқан «ЛА-155/14» түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан мұсылман жамағатынан ораза ұстаған 150 кісіге ауызашар берілді. Бас имам ауызашар алдында мекеме ішіндегі діни мектебінде жиналған жамағатты Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы Хазреттің атынан «Рамазан» айымен құттықтап уағыз-насихаттар айтты.  Бұл кездесуде Қапшағай қаласының бас имамы Кәріпжан Серік қажы да қатысып кездесу соңында жазасын өтеушілерді мазалаған әр түрлі сұрақтарға жауап берді.

24-шілде күні Бас имам Нұржан Керімбековтың ұйымдастыруымен демеушілердің көмегі арқылы аталмыш елді мекенде орналасқан «ЛА-155/8» қатаң түзету мекемесінде жазасын өтеп отырған мұсылман жамағатынан 200 ораза ұстап ауыз бакіткен қандастарымызға ауызашар берілді. Бас имам ауызашар алдында мекеме кітәпханасында (бұрынғы мешіт) жиылған жамағатты Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан ораза айымен құттықтап 2 сағаттай уақыт мөлшерінде уағыз айтты. Соңынан мекеме асханасында ораза ұстаған жамағатпен бірге ауыз ашып қайтты.

25-шілде күні Бас имам Нұржан Керімбековтың ұйымдастыруымен демеушілердің көмегі арқылы Іле ауданы «Жауғашты» елді мекенінде орналасқан «ЛА-155/4» әйелдер түзету мекемесінде жазасын өтеп отырған мұсылман әйелдер жамағатынан ораза ұстап ауыз бакіткен 100 кісіге ауызашар берілді. Бас имам аузашар алдында мұсылман әйелдермен мекеме клубында кездесу өткізіп ең әуелі Бас муфтидің құттықтауын жеткізді кейін уағыз-насихат айтып, сұрақтарға жауап берді. Соңынан мекеменің орталық асханасына барып ораза ұтаған кісілермен бірге ауызашарға қатысып сыйлықтар таратты.

28-шілде «ОРАЗА АЙТ» күні таң намазынан кейін «Райымбек батыр» мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеков «Үлкен күнәлар» және «Айт мерекесі әдептері» тақырыптарында уағыз айтып, Бас мүфтидің «ОРАЗА АЙТ» құттықтауын жамағатқа жеткізді.

Айт намазынан соң арнайы тігілген киіз үйде ақсақалдарға айт дастарқаны жайылды. Сол күні Бесін намазынан соң, 15 тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік қайырымдылық үшін, айттық ретінде таратылды.  

«Райымбек батыр» мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру