Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының рамазан айында қайырмдылық шараларын ұйымдастыруға берген тапсырмасына орай, бүгін ораза айт мейрамында Алматы Орталық мешітінде «Рамазан тілеулері» атты игі шара өтті. Онда Алматы орталық мешітінің Бас имамы: «Ораза айттың өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Сонын бірі тұрмысы төмен, мүгедек, жетім жандарға сыйлықтар сыйлап, денсаулығы нашар адамдардың жағдайларын білу», - деді.
Бұл игі шарада тұрмысы төмен, денсаулығы өте нашар және жетім 23 балаға өздерінің армандап жүрген сыйлықтары тарту етілді. Осылайша, бүлдіршіндердің арман-тілеулерінің орындалуы ораза айт күнімен ұштастырылды. Артынан балаларға арнап дәмді дастархан әзірленді. Балалар алған сыйлықтарына мәз-мейрам болды. Жылда айт күндері осылай балаларға сыйлықтар мен тәттілер сыйлайтын болсақ, айт мейрамын балаларда асыға күтетін болады.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.07.2014
3303
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру