Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау спортшылары ауыз ашты

26.07.2014 3393 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешінің ауызашарына өңірдегі спортшылар келді. Олардың арасында Ақтау қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Нұрлан Джайлимов пен  ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, бокстан әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, греплинг спортының жаттықтырушысы Нұрбек Қарабалаев, Мұнайлы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Әбішев Темірлан болды. Ауызашарға келген спортшы жігіттердің  дені ораза ұстап, Алла алдында парыздарын орындап жүр. Бүгінде спортшылардың дінге деген ықыласы артып, мешітке келіп Әбу Ханифа мазхабымен намаз оқып жүргендері де, қажылыққа барып келгендері де бар.

Дастархан басында өкіл имам С.Сейтбеков Рамазан айы туралы, жат ағымдардан сақтанып, мазхабты берік ұстану жайында уағыз насихат айтты. 

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру