Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағат қаримен қош айтысты

25.07.2014 3292 0 пікір

Жамағат қаримен қош айтысты

Шілденің 24-і күні, «Иманғали» орталық мешітінде Атырау жұршылығы Түркиядан арнайы келген қари Джағфар Йылдызды еліне шығарып салды.

Құран Хатым сауабы шексіз екені белгілі. Осыған орай, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы өз сөзінде жамағат атынан қаридың қызметіне алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, қазақи дәстүр бойынша құтты қонағымыздың иығына шапан жапты. Қари мешіт жамағатымен қол алысып, Тарауих намазын жүргізді. 

 

Қасиетті айда қарияларға құрмет

Қасиетті айдың қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы тапсырмасымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Бүгін шілденің 25-ші жұлдызында Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне мешіт атынан азық-түлік ұсынылды. 120 адамды қамтитын аталмыш мекеменің директоры Күзембаева Қилымқас Исабайқызы қариялар атынан мешіт қызметкерлеріне және өкіл имамға алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді. 

Балаларға насихат

Шілденің 25-і күні «Иманғали» орталық мешітінде жазғы сауат ашу курсының оқушыларын ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы дәріс тәмамдалуымен құттықтады.

Өкіл имам балалармен имандылық туралы біраз сұхбаттасып, «Дәрет алу және намаз оқу үлгісі» атты кітапшаларды ұсынды.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру