Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құлшылықпен өткен Қадір түні

25.07.2014 3550 0 пікір

Шымкент қаласындағы А. Қаттани мешітінде қасиетті Қадір түнін қарсы алу мақсатында мыңға жуық адам жиналды. Бұл түні Қаттани мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов жиналған жамағатқа уағыз айтып, бірнеше қарылар кезектесіп Құран оқыды.

Жиналған жамағат Қаттани мешітінің ұйымдастыруымен жайылған дастарқаннан ауыз ашып, арнайы әзірленген орында намазға жығылды.

Бұл түні А. Қаттани мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ұйымдастыруымен келушілерді тегін такситын бірнеше жеңіл көліктер әзірленді. Қаланың шеткі аймақтарында тұратын ақсақалдар мен аналарымыз, жүкті келіншектер және жас балалар түн бойына тегін тасымалданды.

Қадыр түнін қарсы алуға А. Қаттани мешітіне облысымыздың барлық ауданынан келушілер көп болды.

Гүлдана Тоқпақова: «Мен Бәйдібек ауданы, Ақтас ауылынанмын. Қадір түнін жылда отбасымызбен қарсы аламыз. Бұл түнді ерекше сағынышпен, үмітпен күтеміз. Өйткені, асыл дінімізде Қадір түнінің қасиетін анықтап, кеңінен түсінікті етіп мәлімдеген ғой. Бұл түні тілеген тілегіміз қабыл болады деген ниеттеміз. Қадір түнінде жерге түсетін періштелер дұғамыздың қабыл болуына себепші болар деген үміттеміз. Жыл сайын осы түні нан пісіріп, Құран, уағыз тыңдап қайтамыз», – дейді.

 Аллаһ Тағала елімізге тыныштық, береке, отбасымызщға амандық берсін! Әмин!

Таң мезгілінде Қаттани мешітінің алаңында жария болуды жөн көрмеген аудандық  әкімшілік тарапынан сәресі берілді.

Шымкент қалалық
Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру