Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)ның мүбарак хадисінің бірінде «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстаушыларды құрметтеп, ауызашар берсе, ораза ұстағандай сауап алады», – деген. Осы хадиске амал еткен қала басшысы, Айбек Каримов қасиетке толы Қадір түні кешінде ораза ұстаушыларға арнайы Орталық мешітінің хатымханасында ауызашар берді.
Ауызашар дастарханына, ораза тұтушы Семей қаласында орналасқан он мешіттің жамағаттарын құрметтеп шақырды.
Қала басшысының осындай ықылас, құрметіне разы болған ақсақалды аталармен, ақсамайлы аналар, ізгі тілектерін білдіріп, ел үшін, халық үшін жасап жатқан игі істеріне сәттілік тілеп, баталарын берді. Соңынан қала әкімі Айбек Мүталапханұлы Қос мұнаралы орталық мешітте Қадір түнін қарсы алуға жиналған жамағат алдына шығып, баршаларын Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларымен, Қадір түнгі тілеген тілектері қабыл болсын! – деген тілегін білдіріп, Алла тағаладан мемлекетіміздің тыныштығын, көп ұлтты елімізде әр дайым бірлік болуын, сұрап дұға қылды. Келесі жылғы Қадір түндерінде сіздермен осылай аман-есен жүздесуді, бірге тұрып, тілек тілеуді нәсіп етсін! – деген, жүрек жарды тілегін жеткізді.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2014
3224
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру