Қасиетті Рамазан айында мұсылман қауымының жасаған ғибадат құлшылықтарын арттыра түсу, мешіт жамағатын діни білім алуға жұмылдыру, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) – ның ғибратты ғұмырын үлгі өнеге ету, Алла Елшісі (с.ғ.с) өсиет еткен хадистерді жетік меңгеріп, оларды күнделікті өмірімізде басшылыққа алу мақсатында Павлодар облысы « Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті Қадір түнінің құрметіне орай «Қырық хадис» тақырыбында мешіт жамағаттары арасына хадис білгірлері сайысын ұйымдастырды.
Сайысқа жамағат арасынан шыққан, білімді, талапты адамдар қатысты. Сайыс Ан-Науауи риуаят еткен 40 хадисті жатқа білу бойынша қазақ тілінде жүргізілді.
Қатысушылар билетте көрсетілген алғашқы сөйлемдері ғана жазылған хадистерді толықтырып толық нұсқасын айтып беру, хадистердің нақты, дәлелді болуы, оны кімнің риуаят еткені, аталмыш хадис қай хадис түріне жататыны, сонымен қатар хадистің оқылымы мен айтылымы, сөйленімі көркем болуы қатарлы шарттар бойынша білімін сынады. Сонымен қатар, қазылар алқасы мүшелерінің тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылар ортасынан мешіт жамағаты Махамбет Асқарұлы, Алтай Қыдырбек, Қасым Қабдурашитұлы қатарлы азаматтар білімі мен біліктілігі арқылы алғашқы орындарды иеленіп мақтау грамоталарымен қоса демеушілер тарапынан берілген 30 мың, 20 мың, 10 мың сомның көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ сайысқа қатысушы барлық адамдарға «Алғыс хат» естелік сыйлықтар табыс етілді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2014
4807
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру