Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Демалыс аймағындағы ауызашар

25.07.2014 3610 0 пікір

Облыстық жастар ісі бөлімінің ұйытқы болуымен  Төлеби ауданы, Ақбастау елді мекенінде жаңадан ашылған «ALMA-TAU» демалыс аймағында ауызашар рәсімі болып өтті. Оған арнайы ҚМДБ-ның жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысхан,  облыс өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ, ауызашар рәсіміне облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли  мырза бастаға бірқатар басқарма басшылары мен елімізге белгілі әнші Еркін Нұржанов, ақын Нұрлан Есенқұлов және облыстағы белсенді жастар өкілдері  қатысты.

Іс шара барысында  қатысушы азаматтарға  облыстық жастар ісі бөлімінің жетекшісі Т.Дәрібаев сый-кәде жасады.

Негізгі мақсат Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен ашылған жастар ісі бөлімінің жұмысын кеңінен насихат жасап, жастар тәрбисін имандылық бағытқа бұру еді. 

 

ҚМДБ-ның ОҚО
бойынша 
өкілдігінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру