Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінде қайырымдылық шарасы жалғасын тапты. Жалпы кез-келген бала мереке күндері базарлық күтетіні мәлім. Сондықтан тағдыр тәлкегіне тап болған кішкентайларды қуантып, олардың көңілдеріне қуаныш сыйлауды мақсат еткен Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Балаларға тәттілер мен сусындар, балмұздақ пен ойышықтар таратылып көңілдерін көтеріп қуаныштарына ортақ болып қайтты.
Арасында ораза ұстаған балаларға арнайы дастархан жайылып ізгі тілектер айтылды. Бас имам келе жатқан ұлық айт мерекесімен құттықтап, жеткіншектерге екі өмірдің бақыты мен байлығын тіледі.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2014
3561
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру