Орал қаласындағы «Жігер» әскери-патриоттық лагерінің жабылу салтанаты болып өтті.
Оған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов Тыныштықұлы, облыстық білім басқармасының бас маманы Ғұбашева Әсем Ерболатқызы, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Тоқпаев Марат Бақытжанұлы, Ауған соғысының ардагерлері, облыстық балалар, жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фомин, лагерьдің жас ұландары қатысты.
Алдымен облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алды: Баршамыздың асыға кеткен Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ұстаған оразаларын қабыл болып, аңсаған армандарын орындалсын. «Отанды сүю-иманнан» демекші өткенімізді саралап, батырлық дәстүрімізді даралап көрсету- елдігіміз бен бірлігімізге сын. Егемен елдің батыры болып өсу біздің міндетіміз. Батырлық пен ақылды, иманды жан болып, болашақта пайдасы тиетін атымтай жомарт азамат болыңдар. «Жігер» әскери-патриоттық лагерінде жақсы демалып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ұстаздардың еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Жабылу салтанатында Республикалық, облыстық байқаулардың дипломанттары әскер-патриоттық әндерден шашу шашып, жас ұландар келген қонақтарға қуаныш сыйлады.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2014
3007
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру