Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құран жарысының жеңіспаздары анықталды

25.07.2014 3722 0 пікір

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінде Құран Кәрімді жатқа оқудан  «Құран жарысы» өз бастауын алған болатын. Осы түні жүлделі орын иегерлері анықталып, «Иманғали» орталық мешітінде Құптан намазы алдында арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы және Атырау облыстық Дін істер басқармасының бастығы Еркінбек Шохаев арнайы қатысып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, бас имам Батыржан Берденұлымен бірлесе отырып, байқау жеңімпаздарына сертификаттар ұсынылды.

 Жеңімпаздар төмендегі рет бойынша орналасты:

1-ші орын Шохай Мұхаммедәмин (50 000 теңге)

2-ші орын Берден Алижан (40 000 теңге)

3-ші орын Ерасыл Ақылбек және Мұстафа Халим (30 000 теңге)

Сонымен қатар, 7 қатысушыға арнайы ынталандыру сыйлығы тағайындалды.

 «Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру