Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр елінде Құраннан сайыс өтті (ФОТО)

25.07.2014 5183 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен облысымызға қарасты мешіттерде оқып жатқан шәкірттер мен жамағаттар арасында Құранды мәнерлеп оқу мен жатқа оқудан жарыс өтті.

Сайысқа ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаров, аталмыш мешіт ұстазы Мұхтар Гаджиев, Қалалық «Айтбай» мешітінің Бас имамы Алпамыс Тлеубергенов және орталық мешітте Рамазан айы бойы Құран хатым түсіріп жүрген қари Азизов Абдулхалиқ қазылар алқасы болды.

Жарысқа 42 үміткер қатысып, облыс мешіттер шәкірттері мен жамағаттарының Құран оқудағы деңгейлерінің жалпы жақсы екендігі байқалды.   

Әсіресе жас жеткіншектердің Құранға деген қызығушылығы мен ерекше дайындықтары тәнті етті.

Таң ертең басталған бұл сайыс Бесін намазына дейін жалғасын тапты. Бесін намазынан кейін қазылар алқасы ақылдаса келе 1 сағаттан соң екі бағыт бойынша Бірінші, екінші, үшінші орындарды тағайындап, 7 ынталандыру сыйлығын табыс етті.

Мәнерлеп оқудан орын алғандар:

I. Жүсіпұлы Бекзат – 50 000 теңге.

II. Жарқынбеков Асхат – 30 000 теңге.

III. Бекмағанбетұлы Бекқожа – 20 000 теңге.

Жатқа айтудан орын алғандар:

I. Ахметов Ерсұлтан – 50 000 теңге.

II. Жүнісов Азамат – 30 000 теңге.

III. Әлімбаев Ғалымжан – 20 000 теңге.

Қалған 7 ынталандыру орынға 15 000 теңгеден беріліп, жаппай барлық қатысқандарға арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

 Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
б
аспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру