Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қадір түні қарсаңында Құран Хатым аяқталды

25.07.2014 2948 0 пікір

Бір сәттік сезіммен кеше ғана құрсаққа тамған адамзаттың бойын аз уақытта жамандық кернеп, тамшыдан түзілген тәнін оразамен тазартудың орнына тәкәппарлықпен ластай беретіні тым өкінішті. Шындығында, шектеусіз жеген ас адамды азғындыққа ұрындырады. Тойымсыздық жүректі мейірімнен, кешірімнен және ақиқаттан айырады. Бұларсыз Алланы тану әсте мүмкін емес.

Талдықорған өңірі, Ескелді ауданына қарасты  Бақтыбай ауылдық мешітінде Қасиетті қадір түні қарсаңында Құран Хатым түсіріліп, 300 адамға ауызашар дастархан жайылды. Осынау ізгі шараға арнайы келген ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ахмадиев Серікхан Рымханұлы жиналған жамағатқа Хатым Құранның сауабы жайлы әсерлі уағыз айтып, Хатым Құран дұғасын жасады.

Жиналған жамағат арнайы келген қонаққа шын ықыластарын білдіріп, қуанышпен тарасты. 

ҚМДБ Талдықорған
өңірі 
бойынша
баспасөз қызыметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру