Қадір түнінің өзге түндерден, тіпті, өзге күндер мен айлардан артықшылығы сол − ол түні жер бетіне өте көп періштелер түседі. Міне, осы түнді атыраулықтар да асыға күтті. Шілде айының 23-нен 24-не қараған түні қасиетті Қадір түнінде облыстағы мешіттерге жиналған мұсылмандарда шек болмады.
Бұл күні кешкілік барша жамағат арнайы мешіт ауласында тігілген 2 киіз үйінің жайылған дастарханынан ауыз ашып, таң атқанша құлшылық амалдарын орындады.
Сонымен қатар, бұрын-соңды болмаған 3 сағаттық тікелей эфир бүкіл Республика аумағына таралып, көрермен назарына ұсынылды. Бас имам Батыржан Берденұлының бастамасымен жасалынған бұл игі шара жергілікті тұрғындар көңілінен шығып, жұртышылық дән риза болып тарқасты.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2014
3451
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру