Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық еліндегі Қадір кеші

25.07.2014 2952 0 пікір

Ақжайық елінің исі мұсылман жамағаты облыстық орталық мешітіне Қасиетті Рамазан айының Қадір кешіне көп жиналды. Қадір кешіне  БҚО-ның әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан ауызашар дастарханы жайылды.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Жамбылұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, зиялы қауым өкілдері, танымал ақын-жазушылар, мемлекеттік қызметкерлер, қажылар, мекеме басшылары, иманды жастар қатысты.

Ауызашар дастарханында  облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов сөз алып, жиылған қауымды Қасиетті Рамазан айы мен Қадір кешімен құттықтап,  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, асыл дінімізге жанашыр танытып жүрген ел ағаларына  шексіз тілегін білдіріп,  «Қадір түні» жайында  уағыз айтты.

Зиялы қауым өкілдеріне, танымал ақын-жазушыларға, мемлекеттік қызметкерлерге, қажыларға, мекеме басшыларына,  дін жолында жақсылық жасап, демеушілік танытып жүрген кәсіпкерлерге ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Құттықтау хатын» табыс етті.

Қасиетті кеште  Әл-Азһар университетінің түлегі, облыстық орталық мешітінің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев «Пайғамбарымызды жақсы көру» хақында уағыз айтылды.

Түрік елінен арнайы келген қары Енес Өзканға облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Жамбылұлы қазақтың дәстүрімен иығына шапан жапты.

Облыстық қазылар қауымдастығының төрағасы Амангелді Темірғалиұлы өзінің ақ тілегін айтып, елдегі істеліп жатқан діни шараларға тоқталып, ауыл, аудан, қала имамдарына  қайырымдылық қордан еңбекақы беріліп жатқандығын, облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлының  еңбегіне ризашылығын білдірді.

Жиылған көпшілік ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен Дәстүр», «Ғибратнама»,  «Религия и традиция», «Мүбәрак Рамазан», «Таным тұғыры» кітаптарын,  ҚМДБ-сы  «Хикмет» телерадиостудиясы шыққан «Ғибратнама», «Халық даналығы», «Балаларға сыйлық»,  «Шешендік сөздер», «Ақ бата» таспаларын тегін таратты.

Әл-Азһар университетінің түлегі, ҚМДБ-на «Орал» медресенің ұстазы Әсет Романқұлов «Қадір түні Мүбарак болсын» деген тақырыпта уағыз айтса, Мұратбек Қыстаубаев «Дұға қалай қабыл болады» жайында уағыз айтты. 

Медресенің ұстазы Есім Ержан сұрақ жауап ойының ойнатып, сұраққа дұрыс жауап бергендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Облыстық орталық мешітінде Түрік елінен арнайы келген қари Енес Өзкан Құран-хатым етті. Мешітке жиылған жамағат Ұлы Жаратушыға қылшылық қылып, зікір етіп, дұға тіледі.

Барша жамағат мешіттен таңсәрісін ішіп, аузын бекітіп, таң намазын оқып, жарқын жүзбен тарасты. Қасиетті түндегі тілеген дұға-тілектер қабыл болсын, мүмін мұсылман!

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру