Атырау обылысы, Жылой ауданы,Тұрғызба ауыл жұрты қасиетті Қадір түнін қарсы алды.
Ауыл тұрғыны, аудан әкімінің орынбасары Ануар Играшин қадір түніне мешітке дастархан жайды.Шам намазын оқығаннан кейін жамағат дастарханға отырып ауыз ашты. Бірінші болып сөз алған ауыл әкімі Бисенбай Қариев ораза ұстаушыларға тілегін айтып, құттықтады. Жиналған жамағатқа мешіт имамы Қожанапес Ғанибек Рамазан айының артықшылығы, Қадір түнінің қасиеті туралы уағыз-насихат айтып жамағаттың діни сауатын ашу мақсатында, викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырды. Ифтар дастарханнан кейін жамағатқа «Намаз үйренудің жеңіл жолдары» атты кітап таратылды. Жамағат имамға ұйып тарауық намазын оқып, құлшылықтарын таңға дейін жалғастарып, сәрісін ішіп ауыз бекітті.
Атырау облысы өкілдігінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.07.2014
3540
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру