Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетімдердің бір сәттік қуанышы

24.07.2014 3290 0 пікір

Облыстық жастар ісі бөлімінің ұйытқы болуымен  Түлкібас ауданы,  Машат шатқалындағы «Самал» жазғы лагерінде  облыстағы Арыс, Сайрам,  Төлеби және Шымкент қалаларындағы жетімдер үйінде тәрбиленуші 4-17 жас аралығындағы 300 жетім балаларға қамқорлық шарасы өткізілді.  Оған облыс өкіл имамы Б.Мырзагелдиев пен Жастар бөлімінің жетекшісі Т.Дәрібаев қатысты.

Шара барысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Жүлделі орындарға арнайы сый-сияпат пен мақтау қағаздары табысталды. Мұынмен қатар, үш күн бойы ас беріліп, балаларға түрлі тәттілер мен балмұздартақ үлестірілді.

Жалпы шара кезінде қайырымды азаматтардың үлесімен 700 000 (жеті жүз мың) теңге қаржы жұмсалды.

ҚМДБ-ның ОҚО
бойынша 
өкілдігінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру