Шымкент қаласындағы әл-Біләл мешітінде облыстық деңгейде Құран оқудан жарыс өткізілді. Оған барлық ауданнан 55 қары қатысты. Арнайы Қадір түні қарсаңында ұйымдастырылған сайыста бір пара, бес пара, он пара, және отыз пара жаттаған қарылар сынға түсті.
Сайыс алдында сөз алған қалалық А. Қаттани мешітінің басм имамы Бақдәулет Абдрахманов қатысушылар мен қонақтарға Қадір түні жайлы уағыз айтып, қасиетті мекере қарсаңында өткізіліп отырған іс-шараның маңызына тоқталды.
Ал, сайысты қорытындылаған ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев Рамазан айында оқылған Құранды тыңдаудың өзі мол сауапқа кенелтетінін айтып өтті. Жеңімпаздарды марапаттау кезінде сыйлықтар жамағатқа сыйлы ақсақалдардың қолымен табысталды.
Жарыс қорытындысы төмендегіше нәтижені көрсетті.
1-пара жаттағандар арасынан;
1-орын. Юсупов Әкежан.
2-орын. Рахманов Жалал.
3-орын. Әбдіжәмил Нүркен.
5-пара жаттағандар арасынан;
1-орын. Неғманов Әлиқожа.
2-орын. Абдрайымов Дархан.
3-орын. Есманбетов Марат.
10 пара жаттағандар арасынан;
1-орын. Мирзоев Солих.
2-орын. Бабаханов Бабарахим.
3-орын. Талиметов Бақтияр.
30 пара жаттағандар арасынан;
1-орын Ахлидов Хажижакбар.
2-орын. Уәлиев Шохан.
3-орын. Атаханов Ислам.
Қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлығы тапсырылса, жеңімпаздар ақшалай және заттай жүлдеге ие болды. Ал, отыз пара жаттағап, бірінші орынға шыққан Ахлидов Хажижакбар бас жүлдеге соңғы үлгідегі теледидарды иеленді.
Шымкент қалалық
А.Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.07.2014
3380
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру