Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қадір түніндегі қуаныш

24.07.2014 3424 0 пікір

Әлемге қуаныш сыйлаған қасиетті Қадір түні Жетісу жұртшылығына да ерекше қуаныш сыйлады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы Қадір кешін жоғары денгейде өткізу жоспарына сай әрекет ету үлкен жетістікке қол жеткізді. Қадір кешесіне сәйкестендіріп Рамамазан айының әуелгі күнінен басталған Құран хатым қасиетті Қадір түнінде аяқталды. Хатым дұғасына Жетісу жұртшылығымен қоса зиялы қауымда қатысты. Хатымға қатысып, дұғасынан рухани әсер алған қала әкімі Ермек Амантайұлы халықты Қадір түнімен құттықтап, ҚМДБ-ның облысымызға  арнайы жіберген қариға жұртшылық атынан разылығын білдіріп, шапан жауып, алғыс хат ұсынды.

Қадір түнінің ерекшелігін ескерген облысымыздың әкімінің орынбасары Серік Мейірханұлы халыққа мол дастархан жайып, ауызашар жасады. Ауызашарға келген халықты жүрекжарды тілектерімен құттықтады. Құптан намазының алдында мешіттің ішіне және сыртына проектор қойылып жиналған жұртқа Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын көрсетуімен басталды. Хазретіміздің құттықтауынан кейін облысымыздағы дін істері басқармасының бастығы Қасымберкебаев Танірберген ағамыз халықты Қадір түнімен құттықтады.

Өкіл имам Серікхан Рымханұлы жамағатқа Қадір түнінің қасиеті, Қадір түні бойға рух, санаға нұр құятын ерекше құлшылық қылатын түн екенінін түсіндіріп уағыз айтты. Дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндіру, діни білім деңгейін көтеру, дінге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында жамағат арасында викториналық сұрақ-жауап  ұйымдастырылып, дұрыс жауабын айтқандарға бағалы сыйлықтар берілді.

Қадір түні көз ілмей құлшылық еткен мешіт жамағатына ораза тұтқан жандарға таңғы сәресі таратылып, жамағат болып таң тамазын оқып, үйлеріне тарқасты.

 

ҚМДБ Талдықорған
өңірі бойынша
баспасөз қызыметі
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру