Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымды істің қайыры мол

24.07.2014 3496 0 пікір

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла зәредей де әділетсіздік істемейді, қайта зәредей жақсылық болса, оны еселеп арттырады, әрі Өз тарапынан ұлы сауап береді», – деген. (Ниса сүресі, 40-аят)  

Рамазан айының ішіндегі қасиетті Қадір түніне орай ОҚО,Төлеби ауданындағы «Аққұм астық» дирмені жыл сайынғы қайырымды ісін биыл да қайталады. Биылғы жылы 100 қап ұнды орталық «Нұр» мешітіне жеткізіп берді. «Нұр» мешітінің қызметкерлерінің мұрындық болуымен жағдайы төмен отбасыларға жоқ-жітіктер, жесір мен жетімдер, зағип жандарға арнайы көліктермен жеткізіп, қайырлы істің орынды жұмсалуына атсалысты.

Міне, мұндай қайырымды істер қоғамдағы ынтымақ-бірліктің одан сайын нығайып, адамдардың бір-біріне деген мейірімінің нығаюына септігін тигізетіні анық. Алла Тағала қайырымды істеріңіздің қайырын беріп, табыстарыңызға береке берсін!

 

ОҚО,Төлеби аудандық орталық
«Нұр» мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру