Қасиетті Қадір түні қарсаңында Атырау қаласы "Иманғали" орталық мешітінде жасөспірімдер арасында асыл дінімізді насихаттау мақсатында Құран Кәрімді жатқа оқудан "Құран жарысы" өтті. 4-15 жас аралығындағы жасөспірімдер өзара сайысқа түсті.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы жарысты ашып, иманды ұрпақ тәрбиелеу, еліміздің жарқын болашағына кепіл екеніне тоқталып кетті.
Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев және шейх Мұхаммед Жамалуддин Хашим қатысып, жасөспірімдерге өздерінің тілектері мен жылы лебіздерін жеткізді.
Әділқазылар Түркия елінен келген қари Джағфар Йылдыз, мешіт азаншысы Жасұлан Қағазғалиев және Абзал Туктибаев қатысушыларға өз бағаларын берді.
Жүлделі орын иегерлері мешіт атынан қаржылай 1-ші орын − 50 000 тг., 2-ші орын − 40 000 тг., 3-ші орын − 30 000 теңгемен марапатталатын болады. Ал ынталандыру сыйлығына 7 бала ұсынылып отыр. Орынға іліккендерге Құптан намазы алдында жүлделер берілетін болады.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.07.2014
3169
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру