Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып табылады. Осыған орай, шілденің 23-і күні Медеу ауданына қарасты «Фатима» мешітінде мектеп оқушыларына арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шара «Фатима» мешітінің бас имамы Мұсабек Тағанұлының бастамасымен жүзеге асырылып, жағдайы төмен 40 отбасының мектеп жасындағы балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұл өз кезегінде мейірім айындағы үлкен жәрдем болып саналмақ.
Сонымен қатар, тұрмысы төмен жанұяларға да көмек көрсетілді.
Шара соңында жасбүлдіршіндерге тәлімі терең мултьфилдер көрсетілді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жағдайы төмен адамдарға қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады... », – деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын!
Медеу ауданына қарасты
«Фатима» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.07.2014
4672
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру