Рақымды да мейірімді Алла тарапынан келген Ислам діні – күллі әлемге мейірім төгуші хақ дін. Пайғамбарымыздың өзі адамдардың ең мейірімдісі етіп жіберілген. Ол жайлы Құранда: «Біз сені бүкіл әлемге тек рақым етіп қана жібердік», – делінген.
Сондықтан, рақымдылықтың қайнар көзі болған мұсылмандар пайғамбарымыздың осындай көркем ахлағынан үлгі ала отырып, адамдардың ең мейірімдісі, әрі рақымдысы болуға тиісті. Осыған орай, Аягөз қалалық мешітінің жастар бөлімінің ұйымдастыруымен «Рамазан – мейірімділік айы» атты қайырымыдылық акция ұйымдастырылып, тұрмыс жағдайлары төмен бірнеше отбасына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік таратылды.
«Біз мешіттен келдік, Рамазан айы құтты болсын!», – деген, жылы лебізді жастарға қайырымдылық жасалынған үй иелері ризалықтарын білідіріп, шексіз алғыстарын айтты.
Аягөз қалалық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.07.2014
3602
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру