Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орыс жігіті Ислам дінін қабылдады

23.07.2014 3434 0 пікір

Маңғыстау облыстық мешітке жас орыс жігіті кеп, өкіл имам С.Сейтбековтің қабылдауына кірді.  Өзін Сырбу Роман Юрьевич  деп таныстырған ол Ислам дінін қабылдап, мұсылман болғысы келетінін жеткізді. Ұлты орыс болғанмен, қазақ тіліне судай ағып тұрған 23 жастағы Роман Исламды достарынан үйренгенін, мұсылман болуға өз еркімен шешім қабылдағанын айтты.

Өкіл имам С.Сейтбеков Романға кәлима айтқызып, Ислам діні туралы түсіндірді. Алланың жіберген хақ дініне бойұсынып, өзін мұсылманмын деп айтуға асыққан Роман өкіл имамның қолынан Құран кітабын сыйға алды.

 

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру