Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ораза мен Қадір түні жайында сұхбат берді

23.07.2014 3713 0 пікір

Облыстық «Қазақстан-Орал»  телеарнасына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов «Ораза мен Қадір түні» жайында сұхбат берді

Облыс имамы Руслан Тыныштықұлы Қасиетті Рамазан айындағы Ораза мен Қадір түнінің маңыздылығына тоқталды:  «Ораза бізді сабырлыққа, қиындыққа мойымауға, ерік-жігерімізді шыңдауға үйретеді.  Қолдағы бар игіліктің қадірін біліп, ысыраптан сақтануға шақырады. Оразаның сенімге, мінез-құлыққа, денсаулыққа және әлеуметке пайдасы мол.  Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) ең көп істеген құлшылықтарының бірі – ораза. Ол Рамазанның мәнін былай білдірген: «Адам баласының әр амалына еселеп сауап қайтарылады. Ізгі амалдарға ең аз дегенде он есесі жазылады. Бұл жеті жүз есеге дейін көтеріледі. Аллаһ Тағала былай әмір етеді: «Ораза бұл қағидадан тыс. Өйткені, ол тек Менің ризалығым үшін ұсталады. Мен де оны ұстағанға қалағанымша сыйлық беремін. Құлым Мен үшін нәпсі құмарлығынан, ішіп-жеуден тартынды», - деген. (Мүслим) Аллаһтың нұры Жер бетіне мейірім болып таралатын түні қамсыз ұйықтап жату береке мен рақымнан құр қалу болып табылады. Періштелер қанаттарын жайып, таң атқанша бізге сәлемдерін беретін берекелі түн туралы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген: Айлардың мырзасы-Рамазан, күндердің мырзасы-жұма, түндердің мырзасы -Қадір түні.  «Ғибадат жасау үшін түндердің ең абзалы-Қадір түні», - деп, көпшілікке жеткізді.

Келген журналистке БҚО бойынша барлық мешіттерде Қадір түнінің бағдармасы жасалынды. Бұл түнде құлшылық қылып, Құран оқылып, түрлі ойындар ойналып, ақ дастархан жайылады.

Қасиетті түнге асығайық жамағат!                                              

                                  Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚОбойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру