Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұқтаж жандарға азық-түлік берілді

22.07.2014 3294 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде апта сайын қайырымдылық шарасы үзілместен жалғасуда.  Тұрмысы төмен отбасыларға жасалып жатқан  көмекке бұл жолы Зекет қорының Маңғыстау облыстық филиалы мен  Атамекен ауылдық мешіті ат салысты.  Зекет қорының облыстық мешітпен бірлесе ұйымдастырылған шарасына 42 отбасы шақырылып, оларға күнделікті тұтынатын азық түліктер берілді.  Ал Атамекен ауылдық мешітінде тұрмысы төмен 30 жанұяға азық түлік өнімдері үлестірілді. Көмек алушылардың көбісі көп балалы жанұялар, жесір аналар, жетім балалар және облыстық оралмандарды бейімдеу орталығының тұрғындары болды.

Шараның басы қасында болған  өкіл имам С.Сейтбеков мұқтаж жандармен сұхбаттасып, олардың хал- ахуалын сұрасты.  «Рамазан айындағы ең қайырлы істің бірі  -қайырымдылық. Алла разылығы үшін әрбір мұсылман көмекке мұқтаж жанға жақсылық жасауды өзінің борышы деп есептеуі керек. Ислам – кедейлерге, жетім-жесірлерге, жолаушыларға жəне қай діннен болсын, мұқтаж адамға жəрдем беруді бұйыратын жалғыз дін» деді өкіл имам С.Сейтбеков.

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі  
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру