Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айындағы қайырымдылық жалғасуда

22.07.2014 3058 0 пікір

Дінімізде басқаның қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу айырықша бағаланатын асыл қасиеттер. Тирмизи мен Ибн Мәжәдан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с); «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды» деп мұқтаждардың қажетін өтеуге үндеген. Пайғамбар (с.ғ.с) сөзін өлмес өнеге ретінде бағалаған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қайырымдылық шараларын ұйымдастыру үрдіске айналып үлгерді.

Мешіттерде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – Қазақстан мұсылмандыр діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жыл басында еліміз мешіттеріне белгілеп берген басым бағыттардың бірі. Сонымен қатар, Мүфти хазіреттің Рамазан айына байланысты берген арнаулы тапсырмасының маңызды мазмұны болып саналады.

Бас мүфтидің тапсырмасы аясында, айлардың сұлтаны болған Рамазан айына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Бас имам Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, имамдар өз қаражаттарымен 100 отбасына азық-түлік таратып, қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғыз басты аналар, т.б мұқтаж адамдарды қамтыды.

sunna.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру