Қасиетті Рамазан айы өзінің тағылымымен өтіп жатыр. Ораза ұстаған жамағат Алла Тағаланың тарапынан парыз етілген бұл айды шын ниетпен ұстауға құлшынады. Тамақтан ғана тыйылып қоймай, әртүрлі күнәлі істерден де бойларын аулақ салуға тырысады. Ал, ораза ұстаған мұсылманға ауызашар асын беру де ізгіліктің бір көрінісі.
Жақында «Алатау» дәмханасында Науан Хазрет атындағы орталық мешіт пен жергілікті «Зекет» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен мәдениет, өнер және ақпарат саласында еңбек етіп жүрген адамдарға арнап ауызашар берді. Дастархан мәзірі басында дін және ұлттық құндылықтар жайлы емен-жарқын әңгіме өрбіді.
Облыс имамы Қанат Қыдырмин уағыз айтып, ислам дінін насихаттау туралы тағылымды әңгіме қозғады.
Көп жылдар мәдениет саласында еңбек етіп, бүгінде зейнет жасына шыққан Мұрат қажы Ыдырысов та өзінің имандылық жайлы ой-пікірін білдірді.
Соңынан елімізге танымал ақын Алмас Темірбай «Ауызашармен қоштасу» деген өлеңін оқып берді.
«Зекет» қорымен бірлесе ауызашар берді
Науан Хазрет атындағы орталық мешіт пен «Зекет» қорының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы кәсіпкерлер мен зиялы қауым және әкімшілік қызметкерлеріне ауызашар берді.
Бұл жолы да жиналған қауым ауызашар жайлы әңгімеге қанықты. Облыс имамы Қанат Қыдырмин ислам дінінің құндылықтары жайлы уағыз айтса, ал «Зекет» қорының өкілі Ерболат Шәріпов исламдағы зекет беру мәселесін қозғады.
Жалпы, бүгінде осы дастархан басындағы бизнес өкілдері қасиетті дінімізді дамытуға көп үлес қосып жүр. Әртүрлі діни шараларға да ұдайы қол ұшын береді.
Ал, зиялы қауым қашанда ислам діні ұлтымыздың бірегей бет-бейнесі, өмір сүру жолы екенін уағыздаумен келеді. Сондықтан асыл дініміз ортамызға келіп, имандылыққа бет бұрып жатқанда барша қауымның ортақ мүдде жолында топтасуы жақсылықтың нышаны. Бүгінгі ауызашар асы да осыған айғақ болды. Дастархан басындағы әңгіме арқауы да6 дінімізді қалай өркендетеміз, ұлттығымызды қалай сақтаймыз?! - деген арнада өтті.
Осындай тағылымды ауызашардан соң оған жиналған қауым мешіт имамдарына өз ризашылықтарын білдірді.
Бақыт Смағұл
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.07.2014
3195
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру