Қасиетті Рамазанда жасаған амалдарымыздың сауабы еселеніп жазылатын айлардың сұлтаны. «Кімде-кімнің жүрегінде Құран түскен айға деген құрметімен, сүйіспеншілігі шынайы болса, сол пенде шынында иманды», – деген.
Алланың қалауымен уақыт сынаптай өтіп, Рамазан айының соңғы он күндігіне жетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күнінен іздеңдер», – деген. Өзі соңғы он күнін иғтикафта өткізген «Иғтикаф» сөзінің тілдік мағынасы: арнайы орында (мешітте) құлшылық ниетімен болу.
Иғтикафтың мақсатымен рухы барлық нәрсемен қатынасты үзіп, жүректі Хақ Тағаламен байланыстыру.
Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсаттың бастамасымен, Семей қаласындағы Бір мұнаралы Тас мешітінде он күндік иғтикаф ұйымдастырылды. Иғтикафқа кірген жамағатқа ауызашар және сәресі мешіт атынан он күн бойы беріледі. Өкіл имам Алтыбай Мақсат иғтикафқа ниет еткен жамағатқа Рамазан айында иғтикаф амалын орындаудың сауабы туралы, уағыз айтып, жамағатқа Ақида, фиқһ, Құран, Тажуид, Хадис Пайғамбарлар тарихы пәнінен діни сабақтарды жүргізіп дәріс өткізетінін хабарлады.
Былтырғы Рамазан айында өкіл имам Алтыбай Мақсаттың тікелей ұйымдастыруымен, көшпелі ауызашар берілгені қалалық мешіттерде, аудандарда, шалғай ауылдарда өткізілді. Бұл сауапты іс-шаралар мұсылман жамағатының иманын күшейтіп, ынтымағын арттыратын қайырлы істер. Алла Тағала ұлық Рамазан айында жасалған ғибадат құлшылықтарымызды қабыл етсін.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.07.2014
3515
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру