Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түзету мекемесінде ауызашар берілді

21.07.2014 3431 0 пікір

Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді ұстауға арналған ЛА-155/6 мекемесінде Жетісу ауданының имамдары бірігіп ауызашар берді.

Шараға Жетісу ауданының бас имамы Көптілеуов Бақытжан, «Амин» мешітінің бас имамы Ақтамберді Мұсабек және мекеме басшылыры мен қызметкерлері қатысты. Бас бостандығынан айырылған балаларды Жетісу ауданының бас имамы Рамазан айымен құттықтап, осы жерден түзеліп шығып, қазақ еліне аянбай қызмет қылуларына тілектестігін білдірді.

Артынша балаларға ата-ана туралы видео ролик көрсетіліп, Рамазан айының құрметіне сыйлықтар үлестірілді.

Алматы орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру