Аса қамқор әрі Ерекше мейірімді Алла Тағаланың адамзатқа сый еткен Рамазан айы мейірімге толы жүрек иелерінің бір-біріне есепсіз жәрдемдесетін қайырым айы. Біз бұл үлгіні адамзаттың асыл тәжі, ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с.) Мұстафадан үйрендік. Ол (с.ғ.с.) Рамазан айында жомарттығын мүлдем екі еселеп арттыратын. Оған ілесуші барша мүміндерде осылайша ғаріп пен міскіндерге қарайласатын. Бұл бастама бүгінге дейін жалғасуда, оның айғағы еліміздің әр аймағындағы мешіттердің жасап жатқан қайырымдылық шаралары. Осындай игі істің ұйытқысы болған Қызылорда қаласындағы қалалық «Айтбай» мешіті. Мешіттің Бас имамы Алпамыс Тлеубергенов ағамыздың бастамасымен 70-тен астам әлеуметтік аз қамсыздандырылған, әрі отбасында мүгедек балаларды қарап отырған жанұяларға азық-түлік таратып, ізгі қайырымдылықтың үлгісін паш етті. Аллаға мадақ айтып сөз бастаған Алпамыс ағамыз, Раббымыздың мейірімінің кеңдігі, Оның шексіз нығметтеріне шүкірлік ету жөнінде тілге тиек етіп, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді. Рақымдылық айында көрсетіліп отырған жәрдемге көмек алуға келген әрбір отбасы өздерінің алғыстарын айтып, жүрек жарды тілектерін арнады.
Алла Тағала жаны жомарт, жүректері мейірімге толы, әрдайым көмек қолын соза білетін азаматтарымыздың ізгі істерін көбейтіп, сауаптан жазсын.
Қалалық «Айтбай» мешітінің
баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.07.2014
4307
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру