Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфтидің атынан балаларға сыйлықтар берілді

20.07.2014 3543 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында барша мұсылман жамағаты жақсылық атаулымен жарысатыны хақ. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан Орал қаласындағы жетім балалар үйіне БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов және Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков арнайы ат басын бұрып, балаларға сыйлықтар беріп, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға облыс имамы Руслан Тыныштықұлы ақ тілегін айтып, Қасиетті айда Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, барша жас ұрпақ білімді, иманды, туған еліне адал қызмет ететін, болашақ  Қазақ жерін нұрландыратын сіздер. Сондықтан балалардың бәрі бақытты өмір сүріңдер, - деп ақ батасын берді.     

Бүлдіршіндерде ұлық мерекеде өздерінің жүрегінен шыққан жырларын оқып, әсем әндерін айтып, келген қонақтардың көңілінен шықты.

Бас мүфтидің атынан ақ дастархан жайылып, әр балаға сыйлықтар табыс етілді. Келген қонақтармен естелік суретке түсіп, барша балалар имамдарға балдай тәтті тілектерін, ризашылықтарын білдірді.

 

Нұрлан САМАТҰЛЫ, 
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру